Тойда күйеу жігіттің достары үстелдің үстіне бір-ақ шығып, бүкіл тамақты жинап алды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Желіде күйеу жігіттің достарының тойдағы әрекеті түсірілген видео тарады. Олар үстелдің үстіне шығып алып, бүкіл тамақты жинап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Белгілі болғандай, видео Өзбекстанда түсірілген. Ондағы дәстүр бойынша, күйеуі жігіт қалыңдықтың үйіне достармен бірге келіп, дастархандағы тамақтың бәрін жинап алып кетуі тиіс.

Алайда бұл жолы күйеу жігіттің достары үстелдің үстіне шығып алған. Олар өздерімен алып келген үлкен пакеттерге бүкіл тамақты сала бастады. 

Видеодан байқалғандай, қалыңдықтың туыстары да оларға көмектесіп, пакет таратып жүр. 

 

stan.kz