Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жахонгир Отажонов тойда төбесінен ақша жаудырып,  қонақтарды таңғалдырған. Оған ұлттық дәстүрді бұзды деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Өзбектің танымал әншісі Жахонгир Отажонов лицензиясынан айырылды, деп хабарлады «Узбекконцерт».

Ол енді Өзбекстанда концерт бере алмайды.

«Жахонгир Отажонов мораль сөзін ұмытқан. Ол қасиетті Рамазан айында этика мен ұлттық дәстүрді бұзды», – делінген мекеме таратқан хабарламада.

Әншінің өзі жақында видеоүндеу жариялап, «маған бәрібір» деп мәлімдеген.

«Қаласаңыздар менің лицензиямнан айырыңыздар. Олай істеуге сіздердің құқықтарыңыз бар», – деді Жахонгир Отажонов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде әншінің тойда төбесінен ақша жаудырғаны жайлы видео тараған болатын. Оған қонақтар таңғалған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз