Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео

Қысқа сілтеме алу
Жахонгир Отажонов тойда төбесінен ақша жаудырып, қонақтарды таңғалдырған. Оған ұлттық дәстүрді бұзды деген айып тағылды
НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Өзбектің танымал әншісі Жахонгир Отажонов лицензиясынан айырылды, деп хабарлады «Узбекконцерт».
Ол енді Өзбекстанда концерт бере алмайды.
«Жахонгир Отажонов мораль сөзін ұмытқан. Ол қасиетті Рамазан айында этика мен ұлттық дәстүрді бұзды», — делінген мекеме таратқан хабарламада.
Әншінің өзі жақында видеоүндеу жариялап, «маған бәрібір» деп мәлімдеген.
«Қаласаңыздар менің лицензиямнан айырыңыздар. Олай істеуге сіздердің құқықтарыңыз бар», — деді Жахонгир Отажонов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде әншінің тойда төбесінен ақша жаудырғаны жайлы видео тараған болатын. Оған қонақтар таңғалған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
sputniknews.kz