Тойда бойжеткенмен билеп, ерсі әрекет жасаған жігіт жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7446.jpeg)
Тойда ер адамның бойжеткенмен билеу кезінде жасаған ерсі қылығы көпшіліктің наразылығын тудырды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқылануда. Кадрларда ер адамның қыздың аяғын тартып, айналдырмақ болғандай әрекет жасағаны байқалады. Бұл қылығын желі қолданушылары орынсыз әрі әдепсіз деп сынға алды.
«Есі дұрыс па мынаның? Аяғында несі бар? Қыз, жарайсың, аяғыңнан шалса да құламайтын, өркеуде аруым», «Қыз мықты екен, құлаған жоқ», «Қасында қарап тұрған еркектер неге мәз болып тұр», «Қыздың аяғын сындыра жаздады ғой», «Мақсаты құлату болғаны анық», «Есі дұрыс па? Мас қой шамасы. Мәдениеттен жұрдай. Осындай ессіз тойларды қою керек шығар», — деп жазды желі қолданушылары.