Тойда биге берілген келіншектің іш киімі шешіліп қалды (видео)

Әлеуметтік желіде тойлардың бірінде түсірілген қызықты видео тарап кетті. Бейнежазбадан «мың бұрала» билеген келіншектің іш киімі түсіп қалғанын байқауға болады деп жазады NUR.KZ.
Қызықты бейнероликте тойда ортаға шыққан жұптың жан-тәнімен беріліп билегені көрініс тапқан.
Бір мезетте «майысып» қимылдаған келіншектің іш киімі түсе бастайды. Видеодан оның панталон екенін аңғаруға болады.
Алайда бұл жағдай әйел адамның көңіл-күйін түсірмеген. Керісінше, ол өзінің жылдам биін жалғастыра береді.