Тойда ағылшын тілінде реп оқыған әйел көпшіліктің таңдайын қақтырды (видео)

0

Әлеуметтік желіде жастардың қуанышында Coolio есімді шетелдік әншінің “Gangsta’s Paradise” хит әнін орындап, құттықтау жолдаған Мейрамгүл Ходжашеваның видеосы тарады.

Зейнеткер мүдірместен әндегі рэп партиясын нақышына келтіріп орындады. Әйелдің рэп орындаған видеосы әлеуметтік желіде 5 миллионнан астам қаралым жинаған.  Зейнеткердің харизмасы да көпшілікті бейжай қалдырмады. Тойға жиналған қауым да, қалыңдық пен күйеу жігіт те, тіпті асабалар да әйелге қолдау білдіріп, ортаға шықты.