Тойбастарды көлікпен айдап шыққан кішкентай балақай жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желідегі kazakh.toy парақшасында тойбастарды мейрамхана ортасына көлікпен алып шыққан балақайдың видеосы тарап кетті.

Алайда бұл видеоны желі қолданушылары сынға алып, жарыса теріс пікір білдірген. Желідегілер арасында той иелерінің тың идеясына таңданыс білдіргендер де табылған.

«Қалай жақсы ойлап тапқансыздар?», «Керемет екен», «Балақай да мәз. Туыстары да риза болып жүр ғой», «Қандай той болса да, құтты болсын» деп жазды тілек білдірушілер қатары.

Ал теріс пікір білдірушілер тойбастардың жолдағы барлық қоқысты жинап барғанын айтып, бұл идеяға қарсылық білдірген.

«Жердегі барлық қоқысты дастарханға қоясыңдар ма, сосын?», «Ақшасын қайда шашарын білмей жүрген біреу шығар», «Жүре берсең, көре бересің деген осы ғой» деп пікір қалдырды желідегілердің жартысы.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.