Той үстінде күйеу жігіт қалыңдықтың бетінен салып жіберді – видео

0
887

Қалыңдықтың қалжыңын көтере алмаған жігіттің әрекеті жұрттың ашуына тиді

Үйлену тойында күйеу жігіт қалыңдықтың қалжыңын көтере алмай, бетінен ұрып жіберді. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Ролик авторларының айтуынша, оқиға Ташкентте болған. Қалыңдық дәстүр бойынша күйеу жігітке торт жегізуі тиіс еді, алайда ол сүйіктісімен әзілдесуді жөн көрген. Күйеу жігіт қалжыңды түсінбей, оның бетінен салып жібереді.

Видеоны мыңдаған адам көріп үлгерген, жігіттің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді.

sputniknews.kz