«Той болмайды»: Райммен заңды некеге тұрған Ерке Есмахан үйлену тойына қатысты сұраққа жауап берді

Жақында тұрмысқа шыққан танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан үйлену тойы болмайтынын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі Stories-те оқырманының «Үлкен той бола ма?» деген сұрағына жауап берген Ерке Есмахан күйеуі Райм екеуінің үйлену тойы болмайтынын айтты. «Той болмайды. Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, тікелей эфирлер, тағы, тағы. Ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы-шағалы болып, сосын 5-10 жылдық той жасармыз. Алла жазсын. Бір үйлену фотосессиясын жасаймыз, бұйырса», — деп жазды Ерке Есмахан.