«Той бизнес тоқтап қалсын. Қазақтың тойлары бітсін»: Серік Абас-Шах мәлімдеме жасады

0

Қазақстандық тележурналист, продюсер Серік Аббас-Шах әлеуметтік желідегі парақшасында той бизнестегі астамшылдықты сынға алды.

«Дарақылық шектен асты! Тойбизнеспен нан тауып жүргендер ренжісе қайтейін, ондай есірік тойлардың болмағаны жөн.

Ресторандар мен кафелерді жауып тастаса да, көңілім баяғыдай. Тойдан күнін көріп жүргендер “қазақтың тойы бітпесін” деп тілейді.

Бос мақтан, құр шығын, ысырап пен кедейшіліктен арылтпайтын, өмір бойы кредиттен көз ашпайтын қазақтың арсыз тойлары бітсін!

Өтірік күліп, іштей жаратпай, көпшілігі амалдың жоғынан баратын тойлардың болғанынан болмағаны жақсы.

Өтірік, ойдан құрастырған дәстүрмен қып-қызыл шығынға ұшырататын небір “тоғыздарды”, құйтырқы шоуларды ойлап тауып жатқан, аузына не келсе соны айтатын асабасы бар тойбизнес тоқтаса тоқтап қалсын!

Мені құр мал шашпақ, мәнсіз, айғай-шу тойларыңа шақырмай-ақ қойыңдар, қазақтар!

Болып жатса (қуаныш), отбасылық қызықшылығымды өз шаңырағымда тек жақындарымның ортасында ғана тойлатамын, бұйырса.

Дарақылық тоқтасын!
Әр қазақ ойланатын мәселе!” —  деп Бахтыгүл Маханбетованың жазбасын жариялады.