ТМҰ –ның бас хатшысы қазақ мәдениет орталығында

0
          Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы, елші Қуанышбек Омуралиев мырза болды.
Орталықтың басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс түсініктеме берді. Өткен жылы Түркия мемлекетінің 100 жылдығына, ТҮРКСОЙ -дың 30 жылдығына, Қазақстан мен Түркия қатынастарының 31 жылдығына орай көптеген мәдени шаралар өтті. Алаш арыстары Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, Қазақ профессоры Абдулуақап Қараның «Мұстафа Шоқай» кітабі, Темірбек Жүргенов кітаптарының түсаукесер шарасы және арнайы конференция осы залда өткен болатын.
Түркияда тұратын Қазақ қандастарымыздың үйінде сақтаулы осыдан 120-150 жылдық тарихы бар көне мұралар, қолөнер бұйымдарының «Атадан қалған асыл мұра» тақырыбындағы көрмесі, сондай-ақ, Тәуелсіздіктен соң Түркияға Қазақ телевизиясы және фото тілшісі болған Ержан Уәйістің 100 фото сурет көрмесін келушілер қонақтар жақсы қабылдады.
Түркия президенті Тұрғыт Озал тілшіге сыйлаған фото аппаратымен түсірілген еді. Орталығымызға Қазақстанның әр облыстарынан арнайы өнер топтары, филормония өкілдері, арнайы келіп, осында кездесулер өткізеді. Өнерлерін көрсетеді. Анкара маңында өткізілген халықаралық «қымыз» фестивалының өтуіне үлкен үлес қостық. Әрине Қазақ елшілігі мен ТҮРКСОЙ –дың қолдауымен.
Үлкен ғимаратымызда Ыстанбұлда оқитын студенттер қоғамына арнайы жұмыс бөлмесі берілді. Орталық атынан бірнеше студенттерге ай сайын шәкіртақы беру тағайындалды – деді, Е. Уәйіс.
Әрі қарай, Түркиядағы JS Holding төрағасы, Түркия азаматы, Қазақ бауырымыз Ғанимет Қайса сөзін жалғастырды. Холдинигтің құрамында бірнеше ұйымдар мен мекемелер бар. Атап айтқанда: Қазақстан мәдениет және сауда орталығы, Инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын депертамент, қайырымдылық қорының кеңесі, жаңа энергия бөлімі жұмыс істейді. Соңғы 20 жылда 20 дан астам зауыт фабриканы іске қосты. Күн энергиясы, жел энергиясымен жұмыс істейтін Шығыс Азия елдеріндегі жаңа технологиялық қондырғы орнатып, іске қосуда. Өткен жылы Анкара маңындағы Полатлы кентінде күн энергиясынан қуат алатын заманауй батериялар зауыты пайдалануға берілді. Бұл Европа елдеріндегі алғашқылардың бірі болып есептелінеді. Қазір мұнда 600 адам жұмыс істейді.
Енді, алдағы науырыз айында Қайсері облысында Қағаз картон әзірлейтін ірі комбинатты іске қосамыз. Биылғы жылы түркі дүниесіндегі мемлекеттер Қазақстан, Қырғызстан елдеріне жаңа инвестициялық жобаны әзірлеудеміз. Холдинигтің қайырымдылық қоры атынан өткен жылы Түркияда болған зілзала апат аймағына 50 мың АҚШ доллары қаражатын және баспана ретінде 2 жылжымалы үйді көмекке атадық – деді, Ғанимет Қайса мырза.
Қазақ орталығының және холдинигтің атқарып жатқан жұмыстармен жан –жақты танысқан Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы, елші Қуанышбек Омуралиев ризашылығын білдірді.
1992 жылдан бастап, Түркі тілдес мемлекеттері Саммиті тұрақты өткізіліп келеді. Түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым (ТМҰ) яғни Түркі кеңесі 2009 жылы Нахишаван қаласында құрылды. Штаб пәтері Ыстанбұлда орналасқан ТҰМ –ға мүше: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия. Бақылаушы елдер: Мажарстан мен Түркіменстан тұрақты түрде кәсіби министрлер мен сарапшылар кездесулер өткізеді. Алматы, Бішкек, Габала, Бодурм, Астана, Шолпан ата, Ыстанбұл, Самарқанд қалаларында ТМЫК саммиттері жоғары деңгейде өтті.
Сондай-ақ, халықаралық ұйым – сауда, экономика, әріптестік және инвестиция, кәсіпкерлікпен туризімді дамыту, мәдениет пен спорт, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, диаспора мәселелері т.б., қамтитын 20 дан аса жұмыс тобы бар.
Өткен жылы ТМҰ мерекелік 10-самиті Астанада өтті. Сонымен бірге, ТМҰ аясында Түркі халықтары мәдениетін рухани жаңғырту үшін 1993 жылы ТҮРКСОЙ халықарлық ұйымы құрылды. Түркі халықтарының мәдени һәм тарихи мұрасын дамытуға арналған жобалар жүзеге асуда. Арнайы қор жұмысын жалғастыруда. Биылғы жылдың жұмыс жоспары да бекітілді. Түркі мемлекеттерінің бірлігі бауырлас халықтардың мүддесі үшін айрықша еңбек етеміз. Өйткені «Біздің түбіміз – түрік, дініміз ислам, тілдеріміз, әдет ғұрып, салт-дәстүрміз ортақ». Ендеше жаңа 100 жылдықтағы XXI ғасырдағы Түркі елдерінің бірлігі жаңа белесі мәңгі жасайды, — деді Бас хатшы Қуанышбек Омуралиев.
Дипломатия саласының көрнекті қайраткері, Бас хатшы Қуанышбек Омуралиев орталық басшыларына «Түркі мемлекеттер ұйымы» жазуы бар тарихи естелік көркем суретті табақшасын сыйға берді.
Жаңа жылдың алғашқы аптасында арнайы уақыт бөліп келгені үшін алғысымызды білдірдік. Иығына қазақ шапанын жаптық. Әрі естелік сыйлықтарымызды да табыстадық.
Келелі кездесуге ТМҰ Бас хатшының орынбасары Мерей Мұқажан қатысты.
Ержан Уәйіс Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері