ТМД миссиясының басшысы сайлаудан қандай әсер алғанын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бақылаушылар сайлаушылардың белсенділігі артқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр, әзірге өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл туралы журналистерге ТМД елдері бақылаушылары миссиясының басшысы, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев айтты. 

Тағы оқыңыз: Сағат 12:00-ге дейін сайлаушылардың 35,1%-і дауыс беріп үлгерді

«Бұл Қазақстан үшін ерекше сайлау. Көптеген жылдан бері алғаш рет тұңғыш президент, Елбасы сайлауға түскен жоқ. Кандидаттар арасында жаңа тұлғалар пайда болды. Сайлаушылар жоғары белсенділік танытып жатқанын айта кету керек. Сайлау процесін ұйымдастырушылардың да, сайлаушылардың да сауаты өскені байқалады. Кейбір сайлаушылармен сөйлестік. Олар мемлекет басшысы кім болса да бәрібір деп отырған жоқ. Кандидаттардың бағдарламасын, берген уәдесін мұқият зерттеген», — деп мәлімдеді Лебедев.

Оның пікірінше, азаматтарды барлық кандидаттың Қазақстанды одан әрі қарқынды дамытуды бірінші орынға қойғаны қуантып отыр.

«Барлығы өте ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Өткен сайлауларда таңертең адам аз болатынын байқап едік, негізінен егде жастағы адамдар келетін. Дегенмен бүгін бізді халықтың белсенділігі таңғалдырып отыр. Жастар көп», — деп жалғастырды Лебедев.

Ол екі студенттер жатақханасында ұзын-сонар кезек болғанын атап өтті.

«Алайда кезекті азайтуға тырысып жатқан сайлау комиссияларының мүшелері жақсы дайындалған екен, сайлаушыларға өзін тізімнен табуға жылдам көмектесіп жатыр. Бір-екі адам қателесіп басқа учаскеге кіріп кетіп еді, оларға да көмектесті», — деп пікір білдірді Лебедев.

Жергілікті бақылаушылар дауыс беру барысын мұқият бақылап отыр, деп атап өтті ол.

«Тұтастай алғанда оң әсерде отырмыз. Бәрі лайықты өтіп жатыр»,- деп түйіндеді ол.

Достастық миссиясы құрамында сегіз елден 432 бақылаушы бар.   Оның 319-ы Ресей Федерациясынан.

Украина мен Молдованың бақылаушылары миссиядан тыс жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz