ТМД елдеріндегі үздік Аяз ата таңдалды, Қазақстан екінші орында

0
124

2018 жылғы 23 желтоқсан 14:10 312

ТМД елдеріндегі үздік Аяз ата таңдалды, Қазақстан екінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД елдері арасында «Үздік Аяз ата» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

ТМД елдері арасында өткен сайыста Беларусь Аяз атасы топ жарды. Қазақстан екінші орыннан көрінсе, әзербайжандықтар үштікті түйіндеді.

Байқау жеңімпазы Беларусь елінде жаңажылдық мерекелер басталып кеткен. Қыстың басты сиқыршысы Аяз ата бүлдіршіндермен кездесу өткізуде. Олардың хаттарын оқып, сыйлықтар таратып жатыр.

«Егер ғажайыпқа сенбесем, Аяз ата болмас едім. Өйткені, Аяз ата балалар мен үлкендерге көмектесіп, бауырмал әрі мейрімді болуы керек. Әрбір жанға жылы лебізін білдіріп, бүлдіршіндерді қуаныш-шаттықа бөлеуі тиіс. Аяз Атаның жақсылығы жалғаса берсін», – дейді мұндағы Аяз аталардың бірі.

Ежелгі Беларусь аңыздары бойынша, «Зюзи» деп аталатын Аяз ата үйі Беловеж орманында орналасқан. Қазір ол елдегі басты жаңажылдық шараға дейін өз сарайында күн сайын мыңдаған саяхатшыны қабылдауда. Биіктігі 40 метрге жететін жаңажылдық шырша да осында өседі. Мұнда кішкентай бүлдіршіндердің хаттары мен сыйлықтары сақталатын Ақшақардың үйі мен жаман қылықтарды құмға айналдыратын диірмен де бар.

«Аяз атаның асатаяғын ұстағаныма бүгін 24 жыл толады. Бұл, үлкен кезең», – деді Беларусь Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Владимир Радивилов.

В. Радивилов көп жылдан бері Аяз атаның ролін атқарып келеді. Ол – талай ұрпақтың тілегін орындаған сиқыршы.

«Бір жолы сахна сыртында маған бір әйел келіп менімен кішкене кезінде түскен суретін, содан кейін қасына ертіп келген қызын көрсетті. Бала кезінде жаңажылдық шыршаға қатысып, жанұялы болған адамдарды көру қандай ғанибет десеңізші», – деді ол.

Фото: mediabrest.by

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz