ТМД елдері премьер-министрлерінің онлайн-отырысы өтті
Үкімет басшыларының отырысы онлайн-режимде өтті. Жиында коронавирус инфекциясына қарсы тұру және елдердің экономикалық байланысын нығайту мәселесі сөз болды
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус ТМД елдерінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Сондықтан экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.
«Сауда-экономикалық саладағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығы артып отыр. Коронавирус эпидемиясының салдарын жою үшін сауда кедергілері мен шектеулерді жою жұмысын белсенді жүргізу керек. Көлік саласындағы байланысты нығайту қажет», — деді Мишустин.
Оның айтуынша, еркін сауда жөніндегі келісімді барынша жылдам жасау керек. Осының арқасында экономикаларды цифрландыру қамтамасыз етіледі.
Пкіріталасқа қатысушылар ТМД-ның 2030 жылға дейін дамуы стратегиясының жобасын қабылдады.
ТМД-ға мүше елдер премьер-министрлерінің келесі отырысы 6 қарашада Өзбекстанда өтеді деп жоспарланып отыр.
sputniknews.kz