Тьяго Силва доп қуып жүргенде 1 млн еуросынан айырылып қалды — новости Казахстана
Футболдан Франция чемпионатының ойыны кезінде бір топ ұры танымал футболшы Тьяго Силваның үйін тонап, 1 миллион еуроға бағаланған заттарын алып кеткен деп хабарлайды Eurosport.ru cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға футболдан Франция чемпионатының 19 турындағы «Пари Сен-Жермен» мен «Нант» құрамалары арасындағы ойында орын алған.
Бразилия құрамасы мен франциялық клубтың капитаны Тьяго Силваның үйін бұзып кірген ұрылар 600 мың еуро тұратын сағатын, тағы басқа бағалы заттарын қолды қылған.
Жалпы шығын, 1 миллион еуроны құрайды.
Еске сала кетсек, «Пари Сен-Жермен» клубы 47 ұпаймен Франция чемпионатында көш бастап тұр.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар