«Titan FC» турнирінің қатысушылары ашық жаттығу өткізді

0
20 Желтоқсан 2018, 08:57 148 0

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында аралас жекпе-жектен өтетін «Titan FC 51» халықаралық турнирінің қатысушылары ашық жаттығуларын өткізді.

Залға жиналған көрермендер барлық спортшыны жылы қарсы алып, оларға қолдау көрсетті. Ал, қатысушылар өз дайындықтарының қандай деңгейде екенін байқатты.

Жекпе-жек алдындағы ашық жаттығу өте көңілді өтті. Әр елден келген спортшылар қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

— Маған бұл жер өте ұнады. Адамдары қарапайым, бауырмал екен. Қазақстан өте әдемі ел болып көрінді. Осы қаланы турнир аяқталған соң аралаймын деп отырмын. Ал, өз қарсыласым жайлы айтатын болсам, Бейбіт — өте күшті спортшы. Бірақ, мен оны ұту үшін келдім, — деді Бейбіт Назаровтың қарсыласы Мартин Браун.

21 желтоқсан сағат 19:00-де Almaty Arena көпфункционалды спорт кешенінде халықаралық «Titan FC» ұйымы және «Alem fighters» спорт клубының ұйымдастырумен аралас жекпе-жек (ММА) бойынша «Titan FC 51» халықаралық турнирі өтеді.

Файткардқа екі титулды жекпе-жек кірді. Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді (57 келі) колумбиялық Хуан Пуэрта (15-6) мен қазақстандық спортшы Қазыбек Әшімов (13-3) сарапқа салса, бұл кештің басты жекпе-жегінде Бейбіт Назаров (14-3) пен Мартин Браун (12-5) кездеседі. Олар жеңіл салмақта (70,3 кг) уақытша чемпиондық белбеуіне таласады.

Сонымен қатар, осы шараға орай 20 желтоқсанда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында салмақ өлшеу рәсімі мен баспасөз мәслиxаты өтеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы шара аясында спорт жетістіктеріне арналған «Спорт әлемі» атты кітап көрмесін және «Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін» ұйымдастырады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ