Тісін емдемек болған жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

0

https://sputniknews.kz/images/746/36/7463625.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/Russia/20191211/12264726/tis-zhigit-zhansaqtau-bolimi.html

Ауруханаға түскен науқас қазір сөйлей алмайды. Жақындарымен сөйлесу үшін көзін ашып-жұмып, басын изеуге мәжбүр

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Нижний Новгород қаласында тіс дәрігеріне барған жігіт жансақтау бөліміне түсті. Тергеу комитеті сотқа дейінгі тексеріс бастады, деп хабарлайды ProGorod НН басылымы.

Ол тісі ауырып, дәрігерге барған. Тісін жұлған соң одан бетер ауыра бастапты. Ер адамның мойны ісіп кеткен. Ауруханада жиналған іріңді алып тастады. 33 жастағы ер адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Науқастың әйелі оның сөйлей алмай жатқанын айтты. Тек көзін жұмып, басын изеп түсіндіреді. Оқиғаға инфекция түсірген стоматолог кінәлі болып отыр.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар тіс пастасының қаупін айтты

Алайда дәрігерлер әзірге ешқандай нақты болжам жасамады. 



sputniknews.kz