Home Жаңалықтар «Тіс дәрігері, екі баланың анасы»: Танымал вайнер Сәбира жайлы не білеміз? –...

«Тіс дәрігері, екі баланың анасы»: Танымал вайнер Сәбира жайлы не білеміз? – Қазақстан жаңалықтары

0
186

Сәбира Жарасқызы көпшілікке ұрысқақ ененің образымен таныс. Вайнерлікпен айналысып жүрген Сәбираның бүгінде әлеуметтік желіде 800 мыңға жуық оқырманы бар. Ендеше танымал вайнер жайлы не білеміз?

"Тіс дәрігері, екі баланың анасы": Танымал вайнер Сәбира жайлы не білеміз?«Түнгі студия» бағдарламасында қонақ болған Сәбира өзі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сәбира Жарасқызы – екі баланың анасы. Негізгі мамандығы – тіс дәрігері. Күйеуі де стоматолог екен. Медицина университетінде білім алғанымен, Сәбираның жаны шығармашылыққа жақын. Бала күнінде «Бауыржан шоу» театрының адал көрермені болған Сәбира актерлікке деген махаббат сол кезде қалыптасқан деп есептейді.

«Вайнер немесе блогер боламын деп мақсат қойған емеспін. Тек күндердің күнінде мен түсірген видео ғаламторда кеңінен таралып кетті. Содан кейін қызығушылығым артып, өзімді дамыта бастадым», – дейді Сәбира.

Сәбира көбінесе ұрысқақ ененің немесе келіннің рөлін сомдайды. Бұған қарап көпшілік актрисаның енесі қатал кісі, келініне күн көрсетпейді деп ойлайды екен. Алайда Сәбира мұны жоққа шығарды.

«Жоқ, менің енем – алтын кісі. Өте момын, ұрсу дегенді білмейді. Анам да сондай, өзі мұғалім. Мен қайдан шықтым, білмеймін», – деп күлді Сәбира.




stan.kz