“Тірісі де, өлісі де табытта” — Жаркенттегі той елді шулатты

0

Жаркенттегі той елді шулатты. Әлеуметтік желіде тараған видеода 50 жасқа толған ер кісіні қорапқа салып әкеле жатқаны көрсетілген. Қорапты төрт жағынан төрт жігіт көтеріп әкелген.

Желі оқырмандары мұны ерсі санап, артық деп сын айтуда. “Өліп қалған адамды көтеріп келе жатқандай”, “Тірісі де, өлісі де табытпен”, “Түк көрмегендік” деген пікірлерден көз шалынады.