Тірі сәби мәйітханадағы тоңазытқышта алты сағат жатқан

0

Мексиканың Пуэбла-де-Сарагоса қаласында тірі туылған нәресте моргтың тоңазытқышында алты сағат бойы жатқан, өйткені дәрігерлер оны өлді деп санаған.

Бала жүктіліктің 23 аптасынан кейін дүниеге келген, бұл әдеттегіден 17 аптаға аз. Сонымен бірге, ол туылған кезде тіршілік белгілері байқалмаған, сондықтан дәрігерлер оны өлі туылған деп санап, нәрестені моргқа алып кеткен.

Алты сағаттан кейін жерлеу агенттігінің қызметкерлері баланың денесін жинауға келіп және баланың тірі екенін көріп таң қалған.

«Мен ол жерде болған кезде қалай өлмегенін түсінбеймін. Әдетте бұл тоңазытқыш кесілген аяқ-қолды сақтауға арналған », — деп Daily Mail жерлеу агенттігі қызметкерінің сөзін келтірді.

Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін оны жаңа туылған нәрестелерді жан сақтау бөліміне жатқызды. Аурухана басшылығы оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.