«Тірі қалу мүмкін емес еді»: Сиви Махмұди жол апатының мән-жайын айтып берді — Қазақстан жаңалықтары
Сиви Махмұди жол апатының мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay SHOW бағдарламасына сілтеме жасап.
Танымал әнші басынан өткен ауыр жол апаты туралы айтып берді. Ол оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі жеткізген. Дәл сол күні қыз ұзату тойынан шығып, үйіне тартқан әнші көмекшісін жіберіп, көлік тізгінін інісіне табыстаған.
Үйінің жанына жеткенде екінші көлік жолдарына шығып, тоқтамастан Сивидің көлігін қағып өткен. Салдарынан өнер иесі артқы орындықтан алдына бірақ ұшқан. Мұндай ауыр апаттан тірі қалу мүмкін емес еді, бірақ періштелерім қақты дейді әнші.
«Өте ауыр жағдай болды. Ондай жол апатынан тірі қалу мүмкін емес. Ойымызда ештеңе жоқ, інім екеуіміз келе жаттық. Рөлде туған інім болды. Ол күні көмекшімді жіберіп, інімді шақырып алдым. Екеуіміз үйге жетіп қалған едік. Ремизовака көшесінің бойында ақырын келе жатқанбыз. Өз жолымызбен келе жатырмыз, алдымыздан ұшып бір көлік атып шықты. Өлтіруге келе жатқандай. Көлікті біреу жалдап қойған сияқты. Мен түсінбей қалдым, мүмкін бұрылатын шығар, байқаусызда түсіп кеткен шығар деп ойланып үлгермейдік, апыр-топыр болып кетті», — дейді Сиви Махмұди.
Қатты соққыдан есінен танып қалған Сиви Махмұди жол апаты туралы ойламағаннан кейін белдік тағу миыма да кірмеген екен дейді. Әнші қымбат көлік болғаннан кейін аман қалдық деп отыр. Осылайша өнер иесі қалай алдыңғы орындыққа ұшып кеткенін байқамай қалғанын айтты.
«Мен есімнен танып қалдым. Бір уақытта көліктен шығарып жатыр екен. Мен артта отырғанмын. Белдік тағатын ой да болмапты. Менің көлігім спорттық болғаннан кейін, ұшып кетемін деп болжамаптым да, ортасында қоршау да бар еді. Мен қалай ұшып кеткенімді білмеймін. Артта отырып, алдына иықпен ұшып кетіппін, баспен емес, Аллаға шүкір. Қымбат көлік болғаннан кейін темірі қатты болып тұр. Егер де арзандау болғанда, тіпті камри болғанда тірі қалуымыз екіталай еді», — дейді Сиви Махмұди.
stan.kz