Тірі әйелді мемлекеттік органдар екі жыл өлдіге санап келген
Құжаттарға сәйкес АҚШ тұрғыны екі жыл бұрын қайтыс болған.
АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын әйелді мемлекеттік органдар өлдіге санап келген. Элис Макфолл-Ги қараша айында жанармай алу үшін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жазбақ болады. Әлеуметтік сақтандыру агенттігі оның құжаттарға сәйкес 2016 жылы 13 қарашада қайтыс болғанын мәлімдеді. Негізінде ол күні әйелдің күйеуі көз жұмыпты.
«Бір ғана пайымдауым бар: әлеуметтік сақтандыру агенттігіне құжаттарды тапсырғанымда, күйеуімді ғана емес, мені де өлді деп жазған», — дейді Элистің өзі.
Енді осы қателіктің кесірінен әлеуметтік сақтандыру нөмірінен айырылып, төлқұжат та ала алмай отыр. Алайда соған қарамастан салық төлеуге міндетті екен. Тіпті сайлауға да қатысыпты.
«Қызық, өлген адам дауыс бере алады, бірақ әлеуметтік сақтандыру нөмірін ала алмайды», — дейді наразы әйел.
Проблеманы шешу үшін Макфолл-Ги сенаторларға хат жазып, телевидениеге де шықты.
«Бұл Жабайы Батыс емес қой, адамды тектен-тек өлтіре салуға болмайды», — дейді ол. Ақыры соңында әйел қателікті жөндетіп, жаңа әлеуметтік сақтандыру картасына ие болды.
Дереккөз: Sputnik