Тиранада үкіметке қарсы наразылық шаралары жалғасты
Албания астанасы Тиранада жемқорлыққа қарсы наразылық акциясын өткізген шерушілер парламент ғимаратына басып кіруге тырысқан. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, наразылық акциясы премьер-министр Эди Раманың резиденциясы алдында 16 наурызда басталған. Оған оппозициялық Демократиялық партиясын қолдайтын мыңдаған адам қатысып, үкімет басшысының отставкасын талап еткен.
Шерушілер полицейлерге түтінді құты және өзге де заттар лақтырып, парламент ғимаратына басып кіруге ұмтылған. Полиция шерушілерге көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашып таратқан. Бірнеше адам жараланған.
Албанияда студенттер мен азаматтық белсенділер шеруі 2018 жылдың желтоқсан айынан бері жалғасып келеді. Оппозиция үкіметті ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен байланысы бар деп айыптайды.
Шетелде іссапармен жүрген Албания президенті Илир Мета оппозицияны сабырлыққа шақырып, күш қолданбауға үндеген.