«Тіпті Трамп та ренжімес еді» — ресейлік сарапшылар Қазақстандағы сайлауға баға берді
Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде ҚР Президенті сайлауының қорытындысы бойынша белгілі ресейлік сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев жиналғандарды ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала нәтижелерімен таныстырды.
Ресейлік дипломат Евгений Бажанов сайлау керемет және ең жақсы әлемдік стандарттар бойынша өтті деп санайды. Растау ретінде ол Қазақстанда дауыс беруді бақылаған белгілі ресейлік журналист және жазушы Леонид Млечиннің жауабын келтірді: «Мынандай сайлауда жеңілсе, тіпті Трамп та ренжімес еді!». Бажанов Қазақстан халқын тамаша таңдауымен құттықтады.
Ресейлік сарапшылар ғылыми-білім беру ынтымақтастығының нығаюын күтуде.
Сонымен қатар, олардың пікірінше, Ресей экономикасындағы қазіргі қиын жағдай – Қазақстан үшін мүмкіндік.
«Ресейден кеткен батыс компаниялары әлі де оның нарығына бағдарланатын болады, ал Қазақстан мұнда тамаша транзиттік алаң бола алады. Өз кезегінде, Ресей азаматтарының едәуір бөлігін Қазақстанға орналастыру, егер оларға жақсы жағдай жасалса, адами капиталды тартуға мүмкіндік береді», – деп есептейді энергетика және қаржы институтының президенті Марсель Салихов.
t.me/orda_kz
Фото: esquire.kz