“Тина Канделакимен жанжалдасқан”: Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазба туралы айтты

0

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған дейін Нұрлан Сабыров пен ресейлік журналист Тина Канделакидің телефон арқылы сөйлескен аудиожазбасы тараған. Әзілкеш бұл аудожазбаның фейк екенін айтты

«Тинамен телефон арқылы сөйлескен жоқпын. Бұл – фейк. Қолдауларыңызға рақмет. Баршаңызға тыныштық пен бейбітшілік тілеймін. Қазақстан, алға!» – деп жазды Сабыров желідегі парақшасында.

Бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр» деп айыптаған еді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Канделакиға Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейтінін айтты.