Тимур Сүлейменов: Ортақ валютаны қолдамаймыз
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО-ның бірыңғай электронды валютасын құру мәселесіне қатысты пікірін айтты.
«Бұл ұсыныс емес, оны ресейлік ұлттық төлем одағы талқылап жатыр. Оларда бірқатар ұсыныстар бар көрінеді. Алайда бұл ұсыныс ресейлік тараппен ресми жария етілмеген. Дәл осылай Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы да ұсыныс жасай алады», – деді министр. Сондай-ақ ол Қазақстан тарапы аталған ұсынысты қолдамайтынын да айтып өтті. «Біз оны қолдамаймыз. Осыны жеке өзім де ұстанып отырмын. Ұлттық валюта – ол біздің егемендігіміздің символы, яғни Әнұран, Ту және Елтаңба секілді. Сондықтан біз оны сақтап, дамытуымыз керек. Осы орайда, қандай да бір квази, прокси валюталарға жол бермеуіміз қажет», – деді Тимур Сүлейменов.
«Айқын» ақпарат
Дереккөз: Айқын