Тимур Құлыбаевтың жұбайына тиесілі байлық пен миллиардтар

0

yyedilov телеграмм арнасы Тимур Құлыбаевтың әйелі Динара Құлыбаеваға тиесілі байлықты анықтайтын видео жариялады.

Динара Құлыбаеваның қазіргі жағдайы 2 900 000 000 долларды құрайды. Жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге Forbes-тің » 2020 жылы Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің» тізіміне енген. Динара Құлыбаева «Халық банк»  АҚ-ның 64,5% акциясына ие.

Банк құрамына 17 еншілес ұйым кіреді, оның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан және Грузиядағы аттас банктер, Ресейдегі «Москоммерцбанк» ЖШҚ және Өзбекстандағы Tenge bank бар.
Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілген қорға кіретін Astana IT University, Инновациялық және ақпараттық технологиялар орталығы, Private clinic Almaty орталығының негізін қалаушы.

2020 жылы 31 желтоқсанда Банк активі 10,38 триллион тенге қаржыны құрады. Ол өткен жылғымен салыстырғанда 10%-ға көп. 

фото: sputnik.kz