Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кетті
Танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Бизнесменнің үндеуі палатаның сайтында жарияланды.
«Бүгіннен бастап мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды», — деді Құлыбаев.
Ол «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығын білдірді.