Тимур Балымбетов сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық тележүргізуші Тимур Балымбетов үйленеді. Тележүргізуші сүйіктісіне ұсынып жасап, одан «иә» деген жауап алды.

Бұл туралы тележүргізушінің өзі желідегі парақшасында жазды. 

«Ол иә деді. Барлық құттықтауларыңызға рахмет, достар. Бәріне бірдей жауап беріп үлгермей жатырмыз. Бізге сондай жақсы көңіл-күй сыйладыңыздар. Бәріне шын жүрегіммен алғыс айтамын», — деді Тимур Балымбетов.

Тележүргізуші сүйіктісін жасырма бірге түскен суретін жариялады. 

«Айдалада отырып мен қуанып жүрмін сіздердің жаңалықтарыңызға. Бақытты болыңыздар. Бізге де жұғысты болсын», «Бақытты болыңыздар, әйтеуір жақсы жаңалық естідік», «Тек бақыт тілеймін, жұптарыңыз жазылмасын», «Әрқашан бірге жүріңіздер», «Той қашан, карантинді күтесіздер ме? Сүйіктіңіз әлдеқайда жас па?», — деп жазды желідегілер.

Олар қыздың кім екенін сұрап, жас айырмашылығына қызығушылық танытып жатыр. 

«Сізден кіші ме? Кәмілетке толмаған қызға ұқсайды», «Бастысы сізді сыйласа болды», — деді олар.

Бұған дейін Тимур Балымбетов алғаш рет сүйіктісін көрсетіп, оны өаншалықты сағынғанын жазған еді. Тимур Балымбетов суреттегі аруға қатысты сұрақтарға жауап берді. 



stan.kz