Тілеухан Әбілдаев: Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр — Қазақстан жаңалықтары
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алматыда коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, Германиядан келген үш пациент бар. Төртіншісі Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Қазіргі уақытта төрт пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуінің жағдайының ауырлығы орташа. Олардың бәрі бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Дер кезінде вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия басталды», — деді Тілеухан Әбілдаев «Хабар 24» арнасынан берілген онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.
Айт кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.
stan.kz