Тіл жанашыры Асылы Осман ауруханада емделіп жатқанын айтты
Ғалым-филолог Асылы Осман ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Kznews.kz» тілшісі.
Тіл жанашырының денсаулығы сыр беріп, қазір ауруханада ем алып жатыр. Қоғам қайраткерінің жағдайына алаңдаған «Адырна» ұлттық порталы Асылы Османға хабарласып, жағдайын білді.
«Шүкір, бүгін кішкене тәуірмін. Дене қызуым да түсіп, жөтелім басылды. Қазір ауруханада жатырмын. Бір апта ауруханаға барғым келмей, үйде жатып едім. Бірақ жағдайым нашарлаған соң осында келдім. Қазір коронавирус қатты жайлапты. Менің ауруым ол емес. Дәрігерлер қарап жатыр», — деді Асылы Осман.
Филология ғылымының докторы, профессор, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман сауығып келе жатқанын айтады. Ол қазір Алматыдағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр.