Тіl Maidani үстінен «ұлт араздығын қоздыру ісі» бойынша қылмыстық іс қозғалды

0

Қуат Ахмедов YouTube арнасында «тіл рейдтері» көрсетілген видео жариялағаннан кейін ұлт араздығын қоздыру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК.

Коммерсантъ басылымы таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының міндетін атқарушы Тілеу Жанғарашев мәлімдеді. Қазір процессуальды баға берілуі үшін бейнежазба тексеріліп жатыр.

«YouTube видеохостингінде «Тіl Maidani онлаин партиясы» жүктеген ұлт араздығын қоздыру белгілері бар видеоматериалдарды Алматы қаласы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тексеріп жатыр», -деген бас прокуратура өкілі РИА Новости порталына.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ахметовке Ресейге келуге 50 жылға тыйым салды.

«Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оған қомақты айыппұл салынып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.