Тікұшақ апатында көз жұмған әскердің анасы: Ұлым барғысы келмей әрең кеткен еді – Қазақстан жаңалықтары

0
122

Қызылордадағы тікұшақ апатынан қаза болған сержант Асхат Абдулманаттың артында 4 баласы қалды. 

Тікұшақ апатында көз жұмған әскердің анасы: Ұлым барғысы келмей әрең кеткен ед

37 жастағы Асхат Абдулманат бұған дейін Талдықорғандағы әуе базасында келісім-шарт бойынша жұмыс істеп келген. Биылғы жылдан бастап Ақтауға ауыстырылған, деп жазады «Жас Алаш«.

Оның 15 жыл бірге тұрған әйелі мен кәмілет жасқа толмаған 4 баласы боздап қалды.

Әйелінің айтуынша, тікұшақпен ұшып келе жатқа жерінен жолдасымен бейнехабарлама арқылы сөйлесіпті. Одан кейін байланыс үзілген.

Тікұшақ апатында көз жұмған әскердің анасы: Ұлым барғысы келмей әрең кеткен еді

«Ақтауға кетіп екі айдың ішінде мерт болды. Арман-мақсатына жете алмай кетті. Ұлымның өлгеніне сенбей отырмын», – деп жылады анасы Сақыш Баймурзина.

Ал, марқұм Мирас Жұматаевтың анасы ұлының Ақтауға жұмысқа еріксіз кеткенін айтады.

«Ұлым Ақтауға барғысы келмеген еді. Менің де жібергім келмеген. Барғысы келмей әрең кеткен», – деді анасы Сайлау Сыдықова.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz