Тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына 1 млн теңгеден беріледі — Қазақстан жаңалықтары
Қызылорда облысында тікұшақ апатында қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына Маңғыстау облысының әкімдігі миллион теңгеден бөледі.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары Роман Костыговтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке дейінгі әскери тікұшақ апатында 13 адам, соның ішінде Роман Костыгов қайтыс болды. Қорғаныс министрлігінің тікұшағы әскери жаттығу аясында ұшқан.
«Олар қазақстандықтардың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғауға өздерінің міндеттерін батылдықпен және құрметті орындады, біз қайғы-қасіретті түсіне отырып, құрбандардың туыстары бірге қайғырып отырмыз. Менің тапсырмаммен марқұмдардың отбасына бір миллион теңге көлемінде материалды көмек көрсетілді», — деді әкім Ералы Тоғжанов.
Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz