Тик токта жындының қылығын істеген кейуана көптің сынына қалды

0
Тик ток әлеуметтік желісінде оқырман жинап, ақша табу үшін жынды адамша түрлі іс-әрекет жасаған әженің видеосы тарады.

Журналист Гүлмира Әбіқай видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялап, тик ток желісіне тыйым салуды ұсынды, — деп жазды Caravan.kz.

«Басты бәле тик токтан
Тиктокқа шығып кәрі де, жаста өз қадірін кетіруде. Көп мемлекет осы әлеуметтік желінің пайдасынан гөрі зияны көп екенін көріп, қолдануға заңмен тыйым салуда.
Бұл интернет қауымдастық 2016-шы жылы пайда болды. Қазір айына 1 млрд. астам қолданушы тикток желісіне кіреді екен.
Ойлап тапқан Қытай азаматы Чжан Имин. Айта кетерлігі Қытайдың өзінде тикток жоқ. Орнына осының баламасы “Доуинь” жұмыс істейді. Мұнда боқтық сөз, жағымсыз әрекеттер шектелген!
Тикток желісін қолдануға тыйым салынған мемлекеттер:
ЕуроОдақ көлемінде, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Бельгия және Түркия, Пәкістан, Үндістан, Сингапур, Малайзия. АҚШ Конгрессінің өзі кеше ғана бұл желіні қолдануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.
Тіпті, көрші Қырғызстан тиктокқа тыйым салу жайын талқылауда.
Ал, біз Қара қатын қолтықшаштан бастап небіреулерді көріп келе жатырмыз. Тікелей эфирде ішіп масайып, сағаттап жел шығарып, тіпті, дәретке отыратындар да бар дей ма, құдай-ау?!
Не істейміз?», — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары да біраз жасқа келген әжейдің бұл қылығын түсінбей дал болуда.

«Мына апада көктемдік кризис па», «Стримда отыратындар әжелерді әже деуге келмейді», «Фуу, қандай жиіркенішті», «Намаз оқып үлгі болатын апаларым-ай», «Мынау енді сұмдық қой», «Алжыған кәрі қақбастар жастарға не үлгі береді», — деп жазды олар.