Тихановская Байденмен кездесуге бара жатыр

Беларуссиялық оппозиционер сонымен бірге Норвегия мен Ұлыбритания басшыларына баруды жоспарлап отыр.

0
40

Беларуссия оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская АҚШ президенті сайлауының жеңімпазы Джо Байденмен кездеседі. Осыған дейін Байден өз инаугурациясына Тизановскаяны шақырғаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Біз Джо Байденмен кездесуді жоспарлап отырмыз және бізде ондай кездесуге шақыру бар», – деді саясаткер.

Тихановская Америка Құрама Штаттарынан басқа Норвегия мен Ұлыбританияға баруды жоспарлап отырғанын айтты.

Сондай-ақ оппозиция жетекшісі сөйлескен барлық елдер Беларуссияға экономиканы қалпына келтіруге, бұқаралық ақпарат құралдарына, кәсіподақтарға және Александр Лукашенко кеткеннен кейін репрессияға ұшыраған азаматтарға қолдау көрсету үшін қажетті қаржылай қолдау көрсетуге дайын екендіктерін айтты.