The World’s Best шоуындағы Димаш пен Данэлияның қарсыластары белгілі болды

0

Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысатын батл сайыстар CBS арнасында 20 ақпанда эфирге шығады

Желіде CBS телеарнасындағы The World»s Best америкалық дарындылар шоуының алдағы бөлімінің аңдатпасы жарияланды.

Кадрларда қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова жобаның өзге қатысушыларымен батл сайысқа түсіп жатыр.

Алдағы кезеңде Димаш Құдайбергеннің қарсыласы католиктік монахиня Кристина болады. Ал Данэлия Төлешова музыкалық батлда жалғыз қолы бар скрипкашы әйел Манами Итоға қарсы шықпақ.

The World»s Best екінші бөлімі CBS америкалық арнасында Астана уақытымен 20 ақпанда сағат 8.00-де шығады.

Айта кетсек, бірінші турдың қорытындысы бойынша жас әнші Данэлия Төлешова 96 балл жинаса, Димаш Құдайбергеннің өнерін қазылар алқасы 98 ұпайға бағалаған.

Димаш пен Данэлияның қарсыластары кім?

Монахиня Кристина (әлемде Кристина Скучча) Италияда 1988  жылы дүниеге келген. Екі жыл Бразилияда қайырымдылықпен айналысып, кедей отбасыдан шыққан балаларға көмектеседі. 2014 жылы The Voice of Italy шоуында Кристина жеңімпаз атанды.

Манами Ито – жапон скрипкашысы, оң қолы болмаса да, музыкалық аспапты шебер меңгерген. Манами Паралимпиадада брасс әдісімен жүзу жарысына қатысып, 2008 және 2012 жылдары 4-ші және 8-ші орын иеленді. Манами медбике болып жұмыс істейді, бір қыз тәрбиелеп отыр.

sputniknews.kz