Тест теріс нәтиже көрсетті, бірақ әлі денесін бермеді — Оралдағы коронавирустан қайтыс болған ер адманың ұлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Орал қаласының тұрғыны Қуандықтың әкесі Өмірбек Сакушев 9-маусымда облыстық көпсалалы ауруханада көз жұмды. Алайда ер адамның туыстарына коронавирус болғанын айтып, денесін беруден бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

Қуандық Сакушевтың сөзінше науқас екі мәрте коронавирусқа тест тапсырған. Бірақ екі нәтиже бойынша да ауыр індет анықталмапты. Оған қоса, отбасы мүшелері карантинге алынғаннан кейін әкесі хабарласып жағдайы нашар екенін айтқан.

«Қабылдау кезінде ол екі рет коронавирустық инфекцияға тексерілді, екі рет нәтижелері теріс болды. Палатаға орналастырылды, оған кейінірек коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Осыдан кейін барлығы карантинге алынды. Әкем маған қоңырау шалып, оның жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты. Ол сегіз түрлі дәрі қабылдапты. Артынша біз ол кісіні қолхат жазып алып кеттік», — дейді Қуандық.

Одан кейін әкесін басқа ауруханаға жеткізген ол, әкем сол күні-ақ көз жұмды дейді. Бастапқыда қарияның денесін коронавирус деп бермей қойыпты. Артынша барлығы реттелген.

«Біз оны облыстық көпсалалы ауруханаға апардық, олар қайтадан тестілеуден өтті, нәтижесі қайтадан теріс болды. Сол күні, 9-маусымда, түстен кейін, әкем облыстық ауруханада жатып қайтыс болды. Енді бізге оны коронавирустық пациент ретінде жабық табытта, біздің қатысуымызсыз жерленетінін айтты. Жабық табыт болса да, денесін беруді сұрадым, оны тек үйден шығарғымыз келеді. Біз басқа ештеңе сұрамаймыз, бәріне келісеміз. Өйткені, COVID-19 нәтижелері теріс еді», — дейді Қуандық.

Қуандық әкесінің коронавируспен ауырғанына сене алмайды. Айта кетейік, 1 шілдеде Өмірбек Сакушев 60 жасқа толуы керек еді.

Артынша Қуандық Сакушев әкесінің денесін алған. Қарияны жаназа шақырып жер қойнына табыстады. 

 

stan.kz