Home Жаңалықтар Tesla-ның автопилотына сенген екі адам қаза тапты

Tesla-ның автопилотына сенген екі адам қаза тапты

0
211

2019 жылғы Tesla көлігі Техас штатына қарасты Спринг қаласында қатты жылдамдықпен келе жатып, бұрыла алмай, ағашқа соғылып, екі адам қаза тапты.

Tesla-дағы автопилотқа сеніп, апатқа ұшырап жатқандар туралы жиі айтылады. Алайда Техаста болған жағдайды ерекше оқиға десе болатын сияқты.

Мәлімет бойынша Техас штатына қарасты Спринг қаласында Tesla Model S дер кезінде бұрыла алмай, жолдан шығып кеткен. Электромобиль ағашқа соғылып, артынша жана бастайды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды өшіре алмай, Tesla мамандарымен кеңесуге мәжбүр болады. Отпен 4 сағаттай алысқан құтқарушылар 113.6 мың литр су жұмсаған.

Жол апатынан екі адам көз жұмды. Полиция олардың екеуі де апат болған сәтте рөлде отырмағанына сенімді. Шамасы электромобиль жүргізуші басқаруынсыз, автопилотпен қозғалған болса керек. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтайды.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету