«Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болды» — ҰҚК

0

Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰҚК мәліметінше, бүгінде Қазақстанда ұлғайған лаңкестік қауіп тұрақты күйінде қалып отыр.

Елімізде жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алды алынады. Мәселен, биыл ғана дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекетінің, сондай-ақ Астанадағы адам көп жиналатын орындарда қарулы шабуылдың жолы кесілді.

«Бізге келіп түскен ақпарат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге террористік қауіптердің қалыптасуы бірқатар басым факторлардың әсерінен орын алады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді», — деді ШЫҰ Аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлімдеді.