Террористер шетелдік студенттерді өз жағына тартып жатыр – ФҚҚ
Ресейдің арнайы қызметтері экстремистік эмиссарлардың мүдделеі енді шетелдік студенттерге таралып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников ел билігін террористердің шетелдік студенттерді өз қатарына тарту әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдауға шақырды.
Бортников мәлімдегендей, Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттер, сондай-ақ еңбек мигранттары экстремистердің нысанына айналып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
«Мигранттар ортасында радикалды көңіл-күйдің таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, федералды атқарушы билік органдары басшыларының назарын аталған проблемаға аударып, мәселені жеке бақылауға алған жөн», — делінген ФҚҚ хабарламада.
Ресейдің арнайы қызметтері лаңкестердің студенттерді өз қатарына кіруге үгіттеп жүргенін алғаш рет көтеріп отыр.
sputniknews.kz