Террористер қолынан қаза болған сарбаздар «Айбын» орденімен марапатталды
Террористер қолынан шейіт болған сарбаздарымыз Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровтың отбасына қаржылай қолдау көрсетіп, қаза болған ұландарымыз қызметтік борышын өтеудегі ерлігі мен адалдықтары үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбын орденімен марапатталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Айдос Жұқанұлының Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай бәріміздің көңілімізге қаяу түсіріп, қабырғамызды қайыстырғаны рас.
Қан төгілген алаң. Қаңтар айының алғашқы күндері террористер келтірген залалды, Алматы қаласында болған жағдайды осылай сипаттауға болады.
Аты өшкір лаңкестер бейбіт шеруге шықандарға да және құқық қорғау органдарына да оқ атып халыққа үлкен қиянат жасады. Осының салдарынан Алматының алаңдары жазықсыз жандардың қанына боялды.
Алайда Президенттің ҰҚШҰ күштерінен көмек сұрауы жағдайды дер кезінде түзеп, лаңкестер ұясын жоюға мүмкіндік берді.
Лаңкестердің оғынан көптеген бейбіт тұрғын қаза тапты. Амал нешік. Содырлардың көбі берілуден бас тартып, құқық қорғау органдарымен атысып өлді. Олардың нақты саны кейінірек белгілі болады деп ойлаймын.
Қазір Алматы қаласы ойраннан соң ақырындап қалпына келе бастады, бірақ толық қалпына келтіруге ұзақ уақыт кететін сияқты.
Дегенмен еліміз қаралы қаңтарды тезірек ұмытып, бір ту, бір бір адамның қасынан табылып, жарқын болашақты бірлесе құратынына сөзсіз.