Тері күтіміндегі ескертулер

0

Тері мен жүйке жүйесі тығыз байланыста болғандықтан, тері қоршаған ортадағы барлық ақпаратты миға жеткізіп отырады. Оның дәлелі суықта жаураймыз, ыстықта терлейміз, қорықсақ түсіміз өзгереді, ұялсақ қызарамыз. Сұлулыққа жаны құмар қыз-келіншектер қауымы тері күтіміне ерекше мән береді. Ал теріңіздің әдемілігі теріні қорғап, дәрумендермен толықтырып отыруыңызда. Назарларыңызға тері әдемілігінің құпиясы мен тері күтіміндегі ескертулерді ұсынамыз.

1. Магний мен кальций жүйкеге түскен салмақтан арылтып, теріні жақсартады.

2. Бактерияға қарсы сабындардан бас тартыңыз. Олар бактерияларды жойғанымен, терідегі микрофлораны өлтіреді.

3. Қызу көтерілсе, тамақ ауырса, суықтасақ антибиотиктерді пайдаланамыз. Алайда олар терідегі микрофлораны жояды. Сол себепті көп пайдаланбағаныңыз жөн.

 4. Күн сайын кемінде 2 литр су ішіңіз. Бұл мөлшерге шай, шырын, сорпа және өзге сұйықтықтар кірмейді. Мүмкіндігінше қайнаған емес, таза қара су ішкен пайдалы.

5. А дәрумені теріні қалпына келтіреді. Сол себепті сәбіз, апельсин, мандарин, асқабақ, тәтті бұрышты көп тұтынған дұрыс. Сонымен қатар айран, қаймақ, ірімшік және аптасына кемінде 2-3 жұмыртқа жеңіз.

6. Синтетикалық киімдер теріге ауаны қалыпты жағдайда жеткізуге кедергі келтіреді. Сол себепті табиғи материалдардан жасалған киім киіңіз.

7. Терінің сарғаюы, тесіктердің кеңеюі, құрғау мен ерте түскен әжім көбінесе темекі шегуден пайда болады. Темекі түтіні теріге тесік арқылы еніп, еркін демалуды қиындатады.

8. Суықтан тері қатайып қабынады, құрғайды. Сол себепті үнемі нәрлендіретін, тазалайтын майларды пайдаланыып жүріңіз.