«Терезеге жапсырып қойған»: Станцияда тұрып қалған пойыздың жолаушыларына тамақ таратқан Сексеуіл халқы алғысқа бөленді

Қаңтар оқиғалары кезінде Сексеуіл станциясында тұрып қалған пойыз жолаушыларына мал сойып, қазан асып, ыстық тамақ берген жергілікті тұрғындар елдің алғысына бөленді. Сексеуілдіктерге деген ыстық лебізін қағазға жазып, вагон терезелеріне іліп қойған пойыз жолаушыларының видеосы желіде пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде елдегі жағдайға байланысты 6 қаңтарда Сексеуіл станциясында тоқтап қалған пойыз жолаушыларының жергілікті тұрғындарға алғыс білдірген видеосы жария болды. Видео авторының сөзінше, Сексеуіл халқы жұмыла кірісіп, қозғалысы шектелген пойыз жолаушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз еткен. «Жергілікті жастар ұйымдасып, мал сойып, қазан асып, жолаушыларға ыстық тамақ, шай-суларын, дәрі- дәрмектерін берген. Пойыздың жүрген кездегі көрінісін көрсеңіз, көңіліңіз босайды. Жолаушылар алғыстарын ақ … Читать далее «Терезеге жапсырып қойған»: Станцияда тұрып қалған пойыздың жолаушыларына тамақ таратқан Сексеуіл халқы алғысқа бөленді