«Терезе мен еден жууға рұқсат етіледі»: Тоқтар Төлешов түрмеде қалай өмір сүріп жатыр (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

21 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы кәсіпкер Тоқтар Төлешов Шымкенттегі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. 

«Терезе мен еден жууға рұқсат етіледі»: Тоқтар Төлешов түрмеде қалай өмір сүріп жатыр (видео)Сурет: ҚазАқпарат

Түзету мекемесінің ғимараты мен «Сыра королінің» зәулім коттедждерінің айырмасы жер мен көктей. Бүгінде бұрынғы кәсіпкер 10 адамға есептелген камерада тұрып жатыр, деп жазады Otyrar порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Түрмедегілер қатаң кесте бойынша өмір сүруде. Олар таңғы сағат 6-да тұрып, түнгі сағат 22-де ұйқыға жатады. 

«Терезе мен еден жууға рұқсат етіледі»: Тоқтар Төлешов түрмеде қалай өмір сүріп жатыр (видео)

Түзету мекемесіндегілер Төлешовтің ауыр жұмыстарға тартылмайтынын айтты. Оған еден жуып, камераның есігі мен терезесін сүртуге рұқсат етіледі.

Тоқтар Төлешов түрмеде жазасын өтеп жатқандармен бірдей тамақтанады. 

 

Естеріңізге сала кетсек, «Шымкент сыра» зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30-қаңтарында ұсталған еді. Кейін кәсіпкерге «қылмыстық топ құрып, билікті басып алмақ болған және жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырды» деген айып тағылып, 21 жылға сотталды. Сот шешімі бойынша Төлешовтің мүлкі тәркіленді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

 

stan.kz