«Теннисті жан-тәніммен жек көремін»: Қазақстанның бірінші ракеткасы тек ақша үшін сайысқа шығып жүргенін мойындады — Қазақстан жаңалықтары
22 жастағы қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияда берген сұқбатында тек ақша үшін сайыстарға қатысып жүргенін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com порталына сілтеме жасап.
Сурет: championat.com сайтынан
Жергілікті басылымға берген сұқбатында ол теннис ойынын жек көретінін мойындапты.
«Мен теннисті жан-тәніммен жек көремін. Өз басым, теннисші болуды бір керемет дүние деп санамаймын. Мен тек ақша үшін ойындарға қатысамын. Егер маған ақша төленбесе, мен бірден теннистен кетіп қалатын едім. Қазір тапқан қаражатым жеткілікті деп айта алмаймын. Әйткенде, бұл жерде бір минутқа да қалмас едім. Әрине, мен өзімінің досым Бернард Томичтің деңгейіне жеткен жоқпын, десек те ол сәт алыс емес», — депті спортшы.
Ең қызығы келесі сұраққа ол теннис ойнауды жалғастырамын деп жауап берген.
«Маған допты таяқпен ұрған ұнайды. Өзімнің спорт тәжірибем біткеннен кейін теннис ойнауды жалғастырамын. Теннис ойнап жатқанда өліп кетсем бақытты болар едім. Бірақ кәсіби түрде жаңа қарсыластармен ойнау — өте ауыр нәрсе», — деді Библик.
Ескере кететін жайт теннисші Александр Бублик Қазақстанның намысын 2016 жылдан бері қорғап келеді. Оған дейін ол Ресейдің атынан шығып келген. Әлемдік теннисшілер рейтінгісінде спорты 55 орында тұрған көрінеді.
stan.kz