Теңіздегі оқиғаға қатысты тың мәлімет жарияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Теңізшевройл» құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды

АЛМАТЫ, 1 шілде — Sputnik. 29 маусым күні Теңіз кенішіндегі тәртіпсіздіктер салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы  «Теңізшевройл» компаниясы хабарлады.

«Үшінші буын зауыты – болашақ кеңейту жобасы» құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі. Олар жақында қалпына келтіріледі.

«Теңізшевройлдың» өндірістік нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті ұйым.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «Теңізшевройлдың» бас директоры Имер Боннер қақтығыс болған кәсіпорынға келді. Оқиғаның себебін тергеу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов бастаған ведомствоаралық комиссия құрылды.

«Қазіргі уақытта Теңіздегі жағдай тұрақтанды, – деп атап өтті компания. – Жұмысшылардың бірлігі мен өзара түсіністігі «Теңізшевройл» құндылықтарының бірі саналады. Кәсіпорын басшылығы компанияның барлық қызметкері мен мердігерлерді мәдени ерекшеліктерді құрметтеп, кемсітушіліктің кез келген көрінісін болдырмайды деп үміттенеді».

Теңіздегі тәртіпсіздіктерге не себеп болды?

Теңіз вахталық елді мекеніндегі тәртіпсіздіктер 29 маусымда басталды. Оқиғаға Ливия азаматы Эли Даудтың WhatsApp мессенджерінде жариялаған фотосуреті себеп болды. Суретте рация ұстаған шетелдіктің артында қазақ қызы тұр, рацияның антеннасы қыздың ерніне тиіп тұр.

Бұл сурет Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S. A. L Offshore (CСЕР) компаниясы қызметкерлерінің намысына тиіп, араб қызметкерлерді ұрып-соққан.



sputniknews.kz