Теңізде тағы 21 жұмысшы коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Теңізде тағы 21 жұмысшыдан коронавирус табылды. Бұл туралы Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azh.kz-ке сілтеме жасап.

мұнай
Штабтың мәліметінше, Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың  қызметкерлерінің арасында он жеті адам вирус жұқтырған, олар — 1986, 1986, 1961, 1984, 1993, 1990, 1976, 1994, 1992, 1998, 1993, 1989, 1997, 1972, 1994, 1998, 1996 жылдары және 1991, 1985, 1973, 1964 жылдары туған төрт әйел.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталды, барлығы медициналық бақылауға алынды. Аурудың ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

11 мамырда Атырау облысында 323 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды, олардың 252-і — Теңіз жұмысшылары.

stan.kz