Теңізде коронавирусқа байланысты толқулар болды — Қазақстан жаңалықтары

0

19 сәуір күні кешкісін әлеуметтік желілерде «Теңіздегі «Болашақ» вахталық кентіндегі толқулар» деп аталған видео тарай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Теңіз

zello_atyrau инстаграм парақшасында оқиға орнынан бірнеше ролик жарияланды. Кадрлардан адамдардың бір ғимараттың алдында жиналғанын байқауға болады. Видеолардың бірінде әйнектің сынған шынының және қатты ұрыстың дыбысы естіледі.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, толқудың себебі коронавирус болған. Жұмысшылар жұқтырудан қорқып, басқа вахталық кенттерден қызметкерлерді қоныстандыруға қарсы шыққан.

Алайда, «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметінде  уайымдауға негіз жоқ деп мәлімдеді. «Болашақ» кентінің тұрғын үй блоктарына таңертең ерте үйлеріне жіберілетін қызметкерлер қоныстанған. Олардың барлығы экспресс-тестілеуден өткен, бәрінде нәтиже теріс болды қазір олар  тасымалдауды күтіп отыр. Оқиға орнында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

https://www.youtube.com/watch?v=s7hfXKWGdU8

 



stan.kz