Теңіз кенішінде 71 мұнайшы коронавирус жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырған қызметкерлердің саны 71 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб мәлімдеді.

Жаңадан індет жұқтырғандар барлығы науқастармен жақын қарым-қатынаста болған және байланыс жасағандар екені анықталды.

Айта кетейік, 16 сәуірден бастап Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 мыңнан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​

​«Оның ішінде 6 мыңнан астам жұмысшы — Атырау облысының,​ 2 мыңнан астамы — Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600-ден астамы — Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер — Қазақстанның өзге өңірлерінен келген мамандар», — делінген ресми хабарламада.​

Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы — әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы — темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы — автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетіп отыр. 12 жұмысшы аурудан жазылып шықты.​

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам қызметкер анықталыпты. Олардың 847-сі жақын қатынаста,​ 718-і байланыста болған.

 

stan.kz